07 сәуір 2022 17:00

Индекстеуден кейін зейнетақы қанша болады? Экономист түсіндірді

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров республикалық бюджетке енгізілген түзетулерде зейнетақы мен кейбір жәрдемақыларды индекстеу жоспарланғанын айтты. Tengrinews.kz тілшісі белгілі экономист Мақсат Халықпен байланысып, жоспарлы индекстеу саясатының нәтижесінде әлеуметтік төлемдер қанша пайызға көтерілетінін анықтады.

Мақсат Халық, ең алдымен, индекстеу дегеніміз не екенін түсіндіріп берді.

"Индекстеу - елдегі инфляция жағдайын ескеріп, зейнетақыны өсіру. Бұл тек зейнетақыға қатысты емес, сонымен бірге келісімшарт сомасын, несиені, жалақыны, жәрдемақыларды, салымдарды және т.б. тұтыну бағаларын индекске сай инфляциядан қорғау құралы", - дейді ол. 

Экономист инфляция салдарынан туындаған экономикалық өзгерістерге мысал келтірді.

"Мысалы, өткен жылы Қазақстанда 8,5 пайыз инфляция болса, демек биыл зейнетақыны осыншама пайызға өсіру керек болады. Егер сізге 43 000 теңге ынтымақты зейнетақы тағайындалса, индекстеуден кейін бұл сомма 3655 теңгеге артады, яғни 46 655 теңге болады", - дейді экономист.

Айта кетейік, Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны индексациялау үшін бюджетке қосымша 111 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети