Ипотека ең көп берілетін қала анықталды

15 Маусым 2017, 10:00
0

Алматыда ипотекалық кредит беру көлемі бір жылда 32 пайыздан 29 пайызға азайған, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. Олардың айтуынша, бір жылда ипотекалық кредит беру көлемі Астанада бірден 24 пайызға өскен.

"Соңғы жылда (2016 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың сәуірінде) жалпы Қазақстан бойынша ипотекалық несиелендіру көлемі 1,0 пайызға немесе 8,4 миллиард теңгеге өсті. Ал Астанада ипотека нарығы 18,5 пайызға немесе 32,4 миллиард теңгеге ұлғайып отыр", - дейді мамандар.

Осылайша, Астанада ипотекалық кредит беру портфелі 208,0 миллиард теңге болса, Алматыда 253,9 миллиард теңге болып тұр.

Ипотекалық несиелендіру жөнінен көшбасшы қалалардың ішінде Маңғыстау мен Жамбыл облыстары бар. Маңғыстауда 10,2 пайызға өссе, Жамбыл облысында ипотекалық кредит беру көлемі 10,1 пайызға өскен.

Cонымен қатар, мамандар Қазақстанда бір жылда жаңа пәтердің бір шаршы метрінің бағасы 1,2 пайызға - 250 мың теңгеге төмендегенін хабарлайды. Астанада жаңа пәтер бағасы шаршы метріне 39 мың теңгеге арзандаса, Алматыда, керісінше, жаңа пәтердің шаршы метрінің бағасы 11,2 пайызға қымбаттаған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай