01 сәуір 2016 10:07

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша салымды игеру 1 желтоқсанға дейін ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Liveinternet.ru © Liveinternet.ru

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша салымды игеру 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша салымды игеру 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздар алған ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсетуге және бөлінген мемлекеттік қаражаттарды толық игеруге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын жандандыру мақсатында Ұлттық Банктің Басқармасы 2016 жылғы 17 наурызда Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Нақтырақ айтсақ, банктердің "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-тың (ПКҚ) салымын игеру кезеңі 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды. Бағдарламаға қатысушылардың тізбесі кеңейтілді - бағдарлама шеңберінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары (ХӘОТ) санатына қарызды алу кезінде және (немесе) оны қарызды төлеу кезінде сатып алған "мүгедек балалары бар немесе оларды бағып отырған отбасылар" санаты бойынша аталған мәртебеге ие, бұл ретте аталған мәртебесін 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жоғалтқан қарыз алушылар жатқызылды. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кепіл берушінің және оның қарыз алушы болып табылмайтын жұбайының (зайыбының) тұрғын үйінің жалғыз болуы бойынша, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кепілге салынған жылжымайтын мүлкінде екіден астам отбасының мүшелері (туыстары) тұратын (ресми тіркелген) қарыз алушыларға арналған тұрғын үйдің ауданы бойынша шектеу жойылды.

Сонымен қатар, бағдарламаға талаптарға сәйкес келетін баспанадан бөлек "жеке тұрғын үй құрылысы" нысаналы мақсаты бар қосымша жер телімі, қарыз алушы мен оның отбасы нақты тұратын, қарыз алушы мен оның жұбайының (зайыбының) жалғыз жылжымайтын мүлкі болып табылатын, тұрғын үйге жатпайтын үй-жай (мысалы, коммерциялық жылжымайтын мүлік, саяжайдағы үй және т.б.) бар қарыз алушылар енгізілді. Банктердің қарызды қайта қаржыландырудан бас тартуға қатысты Қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның ұсынымы бойынша банк қарызды қайта қаржыландырған жағдайда банктің ПКҚ салымын мақсатсыз пайдаланғаны үшін төленетін тұрақсыздық айыбының күші жойылды.

Банктің қарызды қайта қаржыландыру туралы қабылдаған оң шешімі жөнінде қарыз алушыны хабардар ету міндеті белгіленді, сонымен қатар, банктің қарыз алушымен қарызды қайта қаржыландыру туралы шартты жасау мерзімі (банктің қарызды қайта қаржыландыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды) көзделді. Бұл мерзім банкке қатысты емес себептер және т.б. бойынша шарт жасауға кедергі келтіретін жағдайларға қолданылмайды.  Басқа өзгерістер туралы Ұлттық Банктің сайтынан "Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау" бөлімінен танысуға болады.

Бағдарлама бойынша түсіндірмелер мен консультацияларды Алматы қаласы, Әйтеке би, 67 мекенжайы бойынша орналасқан ҚР Ұлттық Банкінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында, Ұлттық Банкінің сайтында "Кері байланыс" нысаны арқылы, сондай-ақ мына телефондар бойынша: +7 (727) 2 788 058, 2 788 008 алуға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети