1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Қаржы-қаражат

Жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығы қалай жүргізілді? 31 желтоқсан 2019, 10:38

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 4 шілдеде жеке тұлғаларға салық рақымшылығын жүргізу туралы заңға қол қойды, бұл заң 2019 жылғы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 4 шілдеде жеке тұлғаларға салық рақымшылығын жүргізу туралы заңға қол қойды, бұл заң 2019 жылғы 16 шілдеден бастап күшіне енді. Жеке тұлғаларға бойынша айыппұлдарды есептен шығару ережесі Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 797 бұйрығымен бекітілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жыл басынан бері мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғаларға салық рақымшылығы шараларын жүргізу үшін ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, уәкілетті органдармен деректер базасын салыстырып тексеру, сондай-ақ салық төлеушілердің дербес шоттарын өзектендіру мақсатында есептеулердің толықтығы мен дұрыстығын анықтау үшін есепшоттарды түгендеу жүргізілді.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жағдай бойынша жеке тұлғалардың бюджет алдындағы салық қарызы 20,2 миллиард теңге болды. Оның ішінде негізгі борыш көлемі - 13,9 миллиард теңге, есептелген өсімпұл көлемі - 6,3 миллиард теңге. 2019 жылдың 11 айында салық рақымшылығы шараларын 548 970 салық төлеуші жеке тұлға пайдаланды, олар 12,6 миллиард теңге көлеміндегі салық қарызын өтеген. 

Салық түрлері бойынша жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегі көп болған (14,4 миллиард теңге, 70 пайыз). Бұл ретте, жеке тұлға салық берешегіне есептелген өсімпұлды есептен шығару үшін қарызының тек негізгі сомасын төлеуі қажет болды, ол үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгінудің қажеті жоқ. Мемлекеттік кірістер органдары өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шешімде көрсетілген өсімпұл сомасын есептен шығарады. 

Ал ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығының шарттары мен өткізілу тәртібі туралы өткен баспасөз конференциясында ҚР қаржы вице-министрі Қанат Баеділов салық берешегі бар әрбір азаматтың биылғы жылдың соңына дейін есептелген өсімпұлдарды алып тастау бойынша осы науқанды пайдалана алатынын айтқан болатын. 

Яғни, жеке тұлға салықтар бойынша негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұл есептен шығарылады. 

"Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кірістер органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарына мониторинг жасайды және олар негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады", - деп түсіндірді Қанат Баеділов. 

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,4 миллион жеке тұлғаның жалпы сомасы 20,9 миллиард теңгені құрайтын салықтық берешегі болған. 

"Оның ішінде негізгі борыш - 14,3 миллиард теңге, есептелген өсімпұл - 6,6 миллиард теңге. Салық берешегінің ең көп сомасы - 70 пайыз-ы көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі. Жер салығы бойынша берешекке - 12 пайыз, мүлік салығына - 6,7 пайыз тиесілі", - деді Қ. Баеділов.

Қаржы министрі Ә. Смайылов а.ж. 3 желтоқсан күні өткен Үкімет отырысында қабылданған бюджетке салық төлеуді ынталандыру шараларының нәтижесінде жалпы берешекті төмендету мүмкін болғанын айтқан еді. 

"Ағымдағы жылы шағын және орта бизнеске (2019 жылдың қаңтарынан бастап) және жеке тұлғаларға (2019 жылдың тамыз айынан бастап) негізгі қарызды төлеген жағдайда есептелген өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару жолымен салық амнистиясы жүргізілуде", - деді ол. 

Ол жеке тұлғалардан 30 пайыз-дан астам борышкерлер 10 миллиард теңге сомасына негізгі қарызын өтегенін айтты. Жыл басынан бері жеке тұлға санатынан 548 970 адам бойынша 2,3 миллиард теңге көлемінде айыппұл мен өсімпұл есептен шығарылды, төленген негізгі салық сомасы 12,6 миллиард теңгені құрайды.

Жеке тұлғаларға арналған салық рақымшылығы әлеуметтік жағдайына қарамастан, қарыздың негізгі сомасын төлеген жағдайда салықтың берешегі бар барлық азаматтар үшін қарастырылған. Салық бойынша қарызы ең көп жеке тұлғалар Шымкент қаласында - 148 мың адам, ал жалпы салық қарызының ең көп мөлшері Алматы қаласында - 5,5 миллиард теңге.

Егер салық төлеуші биылғы жылы негізгі салық берешегі мен оған есептелген өсімпұлдарды төлеп қойған болса, онда бұл жағдайда төленген өсімпұл сомасы жеке тұлғаға қайтарылады. Бұл үшін салық төлеуші мемлекеттік кірістер органына хабарласуы керек. Жеке тұлғаның салық берешегінің мөлшері 20 АЕК-тен асқан кезде оның шет мемлекеттерге шығуына шектеу қойылады.

Айта кетейік, салық рақымшылығы шаралары жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты қолданылмайды.