27 қыркүйек 2016 11:57

Жыл басынан бері қазақстандықтар 800 миллиард теңге зейнетақы алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Жыл басынан бері 4 млн астам қазақстандыққа 884,7 млрд теңге зейнетақы төленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.


Жыл басынан бері 4 млн астам қазақстандыққа 884,7 млрд теңге зейнетақы төленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 195,3 миллиард теңге, ортақ зейнетақы төлеу үшін 689,4 миллиард теңге бөлінді.
 
"1 қыркүйектегі мәліметтерге сай базалық зейнетақыны 2 млн 47 мың адам, ортақ зейнетақыны 2 миллион 20 мың адам алады", - деп нақтылады ДСӘДМ-де.

Естеріңізге салсақ, базалық зейнетақының мөлшері 11 965 теңгені, зейнетақының орта  мөлшері 55 049 теңгені құрайды (базалық зейнетақыны қоса есептегенде).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети