27 наурыз 2017 15:00

Қандай жағдайда БЖЗҚ-ға салым салмауға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жұмыс істейтіндердің басым бөлігі БЖЗҚ салымшылары - жүйеде 10 039 482 есеп ашылған. Алайда кейінгі кезде азаматтар салымдарының қауіпсіздігі мен үкіметтің инвестициялық саясатына күмәнмен қарап отыр. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ-ға салым салудан бас тартып, қартайған шақта зейнетақысыз өзін қамтамасыз ете аламын деген жандар үшін материал дайындады. 


Қазақстанда жұмыс істейтіндердің басым бөлігі БЖЗҚ салымшылары - жүйеде 10 039 482 есеп ашылған. Алайда кейінгі кезде азаматтар салымдарының қауіпсіздігі мен үкіметтің инвестициялық саясатына күмәнмен қарап отыр. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ-ға салым салудан бас тартып, қартайған шақта зейнетақысыз өзін қамтамасыз ете аламын деген жандар үшін материал дайындады. 

#1 Қазақстандықтар қандай жағдайда БЖЗҚ-ға салым салудан бас тарта алады?

Егер қазақстандық азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде қызмет атқарса, ол БЖЗҚ-ға салым салуға міндетті емес. Бірақ, бұл сіздің зейнетақыңыздың көлеміне әсер етері сөзсіз. Бұл туралы Алматы МКД-ның Түсіндіру жұмыстары департаментінің жетекшісі Заңғар Шындали мәлімдеді. 

"Зейнетақымен қамтамасыз ету" туралы 39-шы заңға сай азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде қызмет атқаратын тұлға үшін зейнетақы салымдары міндетті емес, оның құқығы болып келеді. МКД өкілі салық қызметтері келісімшарт жасасқан тұлғалардың салымдарын қадағалап отыратынын айтады. "Бұл императив норма емес, ол өз қалауымен БЖЗҚ-мен келісімге келе алады. Айтып отырғанымыз еңбекақыдан емес, қызмет көрсеткені үшін алған ақшасынан", - дейді ол. Дегенмен азаматтық-құқықтық келісім бойынша қызмет көрсететін тұлғалар салықтан босатылмайды. 

#2 Ақылы қызмет көрсету келісімі аясындағы қызметтестік пен жұмыс берушімен келісімшарт жасасудың арасында қандай айырмашылық бар?

"Еңбек келісімшарты (ары қарай ЕК) және ақылы қызмет келісімі (Ары қарай АҚК) арасында "Еңбек кодексі" бойынша мынадай айырмашылықтар бар: 1) жұмысшының белгілі бір мамандық, біліктілік немесе қызмет бойынша жұмыс істеуі; 2) міндетін еңбек тәртібі бойынша орындау; 3) қызметкердің жұмысы үшін еңбекақы алуы. ЕК-ден АҚК-ға ауысатын кезде ЕК-ны бұзу керек", - дейді заңгер Александр Каплан.

Салым жасау түрлерінің де айырмашылығы бар. Қызметкер үшін салымдарды оның жұмыс берушісі жасайды, ол салық агенті болып та табылады - жұмыс беруші әлеуметтік төлемдер үшін еңбекақының 10 пайызын салық ретінде ұстап қалады. Ал  азаматтық-құқықтық келісім бойынша қызмет көрсететін тұлға салықты өзі төлеуі керек және декларацияда тапқан табысын көрсетеді.

#3 Қандай қызметкерлер азаматтық-құқықтық келісім бойынша жұмыс істей алады?

Заңгерлердің сөзінше, кәсіпорындарда директордан өзге барлық тұлға азаматтық-құқықтық келісім бойынша жұмыс істеуі мүмкін. Тіпті бас есепші де.

#4 Азаматық-құқықтық келісім бойынша қызмет көрсетудің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

"Жұмыс беруші үшін артықшылық - салықтан үнем. Жұмыс беруші сыйақы ғана төлейді. Ал кемшілігі жұмысшыны бақылау мүмкіндігінің төмендеуі. Ал қызмет көрсетуші еңбек тәртібіне бағынбай, былайша айтқанда "фрилансер" сияқты жүре алады", - дейді заңгер. 

#5 Қазақстанда осылай қызмет көрсететіндер бар ма?

БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі Бота Жұманова өзін мысал етті. "Мен жұмыс берушіме қызмет көрсету келісіміне ауысайық дедім. Мен үшін 30 пайыз төлейсіздер, оның орнына 20 пайыз төлеңіз де, қалған 10 пайызын (зейнетақы салымын) өзіме қалдырыңыз деп айттым. Осылайша, 10 пайыз өзіме қалып отырады", - деді ол. Оның айтуынша, жеке кәсіпкерлік ашудың қажеті жоқ, тек салық төлеу керек. 

Сонымен бірге, мұндай келісім бюджеттік салада да бар. Алайда бұл декреттік төлем алғысы келетін әйелдерге жарамайды. Сонымен бірге, кредит алу кезінде қиындық болады. 

#6 БЖЗҚ-ға салым салудан бас тартқан адам қартайғанда қандай төлем ала алады?

БЖЗҚ өкілдерінің айтуынша, өмір бойы зейнетақы қорына салым салмаған азамат қартайғанда базалық зейнетақы ғана алады (1998 жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ тұлғалар). Оның көлемі - ең төменгі күн көріс деңгейінің 52 пайызы. Қазір қазақстандықтардың зейнетақысы үш жақтан төленеді - мемлекеттік бюджет, базалық және сәйкес зейнетақы (1998 жылға дейінгі еңбек өтілі үшін төленеді), БЖЗҚ-ға міндетті төлемдер мен ерікті салымдар (ерікті салымдар барлығында жоқ) есебінен.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны төлеу кезінде еңбек өтілі мен зейнетақы жинақтау жүйесіндегі өтіл есепке алынады. 10 жылға дейінгі еңбек өтілі барлардың базалық зейнетақысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызын құрайтын болады. Он жылдан асқан соң әр жылға 2 пайыз қосылып отырады. Базалық зейнетақының максиималдық көлемі 35 жылдық еңбек өтілі бар адамдарға төленеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети