16 наурыз 2020 14:44

KASE: доллар бірден 28 теңгеге қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасында доллар бағамы 13:20 жағдай бойынша 434,38 теңгені көрсетті. Сауда қорытындысы бойынша, шетел валютасы 28,76 теңгеге қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


KASE қор биржасында доллар бағамы 13:20 жағдай бойынша 434,38 теңгені көрсетті. Сауда қорытындысы бойынша, шетел валютасы 28,76 теңгеге қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда көлемі 74,9 миллион АҚШ доллары болды.

"16 наурызда USDKZT_TOM құралы бойынша бағаның алдыңғы сауда күнгі соңғы көрсеткіштен 1,5 пайызға ауытқуына байланысты Франкфурт аукционы қолданылды. Франкфурт аукционын қолдану KASE "ACT және NEXT сауда жүйелеріндегі сауда-саттық регламентінің" ішкі құжатында қарастырылған".

Аукционның ең көп ұзақтығы регламентте белгіленген және ол жеті минутқа созылды. Франкфурт аукционының механизмі мәмілелердің барынша ықтимал көлемі жасалатын аукционның кесімді бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Сауда штаттық режимде өтеді", - делінген биржаның ресми хабарламасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети