1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Қаржы-қаражат

KASE: Теңгенің долларға қатысты бағамы 346,97-ге тең24 наурыз 2016, 11:11

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының 24 наурыздағы таңғы сессиясында теңгенің долларға қатысты бағамы 346,97-ге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, ұлттық валюта алдыңғы сессияға қарағанда 1 теңгеге әлсіреп отыр. 18 наурыздағы соңғы сессия 345,74 теңгемен қорытыланған еді.

Бүгінгі алғашқы келісім 345,8 теңгемен өтті. Сессиядағы төменгі келісім де осы, ал жоғарысы 347,5 теңгеге жетті. Сауда көлемі 83,65 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 347-349 теңге аралығында саудалап жатыр.