17 қаңтар 2020 11:36

Қазақстан ең төменгі жалақы өсімі бойынша әлемде соңғы орында

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ең төменгі жалақының өсу деңгейі бойынша әлемде соңғы орында тұр. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады. 


Қазақстан ең төменгі жалақының өсу деңгейі бойынша әлемде соңғы орында тұр. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады. 

"2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес, 2020 жылы елімізде ең төменгі жалақы 42,5 мың теңге болып қала беретіні туралы шешім қабылданды. 2018 жылы ол 28,3 мың теңге болған.

Әлем елдеріндегі ең төменгі жалақы есептеулері әртүрлі. Picodi.com порталы заңды бекітілген 54 елдің ең төменгі жалақысына зерттеу жүргізді. Талдау нәтижесінде түрлі елдердегі салық жүктемесінде айтарлықтай айырмашылық бар екені анықталды.

Мысалы, Филиппин мен Гонконгте ең төменгі жалақыға салық салынбайды, ал басқа елдерде салық төлегенге дейінгі және одан кейінгі жалақы айырмашылығы 40 пайызға (Румыния) жетеді. Салыстыру негізді болу үшін ең төменгі жалақыға жұмыс істейтін адам нақты шотқа немесе қолына алатын сома қарастырылды.

Ең төменгі жалақы мөлшерінің ең көп сомасы мына елдерде байқалады: Люксембург (1989 АҚШ доллары), Австралия (1923 АҚШ доллары), Ирландия (1743 АҚШ доллары). Үздік ондыққа Нидерланды, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Канада, Бельгия, Германия және Франция кірді. Қазақстанда ЕТЖ 98 АҚШ долларын ғана көрсетті. 

Ең төменгі жалақы деңгейінің өсуі бойынша да рейтинг жасалды. 2020 жылы ЕТЖ-нің жақсы өсімі Нигерияда тіркелген (64,8 пайыз). Алайда, долларға шаққанда бұл елдегі кепілдендірілген ең төменгі жалақы деңгейі әлем бойынша аз (74 АҚШ доллары) болып қала береді. ЕТЖ өсімі бойынша үздік 3 елдің қатарына Әзірбайжан (жылына 37,7 пайыз қосылады) және Аргентина (37,1 пайыз) кірді.

АҚШ, Испания, ОАР және Латвия сияқты кей елдерде ең төменгі жалақы 2019 жылдан бері өзгерген жоқ.

Қазақстан ең төменгі жалақы өсімінің рейтингінде соңғы, 54-ші орынға тұрақтады. 2020 жылы ең төменгі еңбекақы сомасы бұрынғыша қалды және қызметкердің қолына алатын ақшасы осы жылдан бастап сақтандыру жарнасының (ВОСМС) қайта енгізілуіне байланысты 1,1 пайызға төмендеді: 38250 емес 37825 теңге.

Ресейде өсім 7,5 пайыз, Арменияда - 25,2 пайыз, Беларусьте - 13,6 пайыз.

Еске салсақ:
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 16839 теңге;
Ең төменгі зейнетақы мөлшері - 38636 теңге;
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 2651 теңге;
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 31183 теңге;

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети