10 наурыз 2020 11:03

Қазақстанда 44 миллиард теңгеге қаржы заңбұзушылықтары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аудиторлар бюджет қаражатын жұмсау кезінде 44 миллиард теңгеге қаржылық заңбұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Есеп кезеңінде 334 аудитор іс-шарасы өтті. Барлығы 187 миллиард бюджет қаражаты анықталды. 44 миллиард теңге қаржылық бұзушылық анықталды. Оның 38 миллиарды тауар жеткізу, қызмет көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен жойылды", - дейді Әлихан Смайылов. 

Қаржы министрінің сөзінше, республикалық бюджеттің шығыстары 2,1 триллион теңге болған. 

"Мемлекеттік бюджет шығыстары 96,5 пайызға, республикалық бюджет - 97,1 пайызға, жергілікті бюджет - 96,9 пайызға орындалды. Ал 62 миллиард теңге орындалмады, оның ішінде 10 миллиард теңге үнемделді. Игерілмеген сома - 52 миллиард теңге", - деді Смайылов. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети