Қазақстанда депозиттер көлемі қысқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда депозиттер көлемі қысқарды © Inzoloto.ru

2018 жылғы ақпанның соңындағы жағдай бойынша депозиттік ұйымдардағы депозиттердің көлемі 16 898,3 миллиард теңге (бір айда қысқару 1,3 пайызға) болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Заңды тұлғалардың депозиттері 8 867,7 миллиард теңгеге дейін 2,2 пайызға қысқарса, жеке тұлғалардың депозиттері 8 030,7 миллиард теңгеге дейін 0,3 пайызға қысқарған.

Ведомство мәліметінше, ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 9 263,9 миллиард теңгеге дейін 0,9 пайызға, шетел валютасымен 7 634,4 миллиард теңгеге дейін 1,8 пайызға қысқарды. Депозиттерді долларландыру деңгейі ақпанның соңында 45,2 пайыз (қаңтарда 45,4 пайыз) болды.

Сондай-ақ, заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2018 жылғы ақпанда 5 248,5 миллиард теңгеге дейін 3,1 пайызға, шетел валютасымен 3 619,2 миллиард теңгеге дейін 0,9 пайызға (заңды тұлғалардың депозиттерінен 40,8 пайызға) қысқарды.

"Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 015,5 миллиард теңгеге дейін 2 пайызға ұлғайды, шетел валютасымен 4 015,2 миллиард теңгеге дейін 2,6 пайызға (жеке тұлғалардың депозиттерінен 50 пайызға) қысқарған.

Мерзімді депозиттер көлемі бір айда 1 пайызға қысқарып, 11 651,7 миллиард теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютамен салымдар 6 250,5 миллиард теңге, шетел валютасымен - 5 401,2 миллиард теңге болған.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,4 пайыз (2017 жылғы желтоқсанда - 8 пайыз), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 11,5 пайыз болды", - деп хабарлады банктің баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +18
Ақтау +26
Ақтөбе +23
Атырау +28
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +19
П
Павлодар +18
Петропавл +20
С
Семей +21
Т
Талдықорған +20
Тараз +24
Түркістан +26
О
Орал +19
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер