08 қараша 2016 09:57

Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған мобильдік қосымша жұмыс істей бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fixapp.ru © fixapp.ru

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Atameken Services бизнеске электрондық қызметтер көрсету бойынша "Бірыңғай терезе" жобасын іске қосты, - деп хабарлайды Strategy2050.kz.


"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Atameken Services бизнеске электрондық қызметтер көрсету бойынша "Бірыңғай терезе" жобасын іске қосты, - деп хабарлайды Strategy2050.kz.

Ұлттық палатаның ақпараты бойынша, бұл көрсетілетін қызмет бизнес үшін 2016 жылғы 1 қарашадан бастап қолжетімді болады. Енді кәсіпкерлер ұялы телефон, планшет немесе компьютерді пайдалана отырып, "Атамекен" ҰКП көрсетілетін қызметіне қашықтықтан тапсырыс бере алады.

Барлық кәсіпкерлер сату көлемдерін ұлғайту, шығындарды азайту, кәсіптік кадрларды тарту және қолдау шараларын алу проблемаларына тұрақты түрде кездесетіні белгілі. Осы ретте, олардың көпшілігі қолданыстағы қолдау шаралары, қандай мәселелер бойынша қандай мекемелерге жүгінуге болатыны туралы ақпараттандырылмаған, сондай-ақ бизнесті дамытуға көмектесетін консультациялар мен көрсетілетін қызметтерді қайдан алу керектігін білмейді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасындағы бизнесті дамыту жөніндегі бас сервис-провайдер ретінде, бизнесті дамыту жөніндегі барлық қолданыстағы қолдау шаралары мен көрсетілетін қызметтерді біріктіру идеясын негізге ала отырып, Atameken Services жобасының бірінші кезегін іске қосады.

Бүгінгі таңда Atameken Services көрсетілетін қызметтер тізілімінде қаржылық емес қолдаудың 8 бағыты бойынша 76 тегін қызмет, сондай-ақ деректемелер бойынша заңды тұлға туралы ақпарат іздеу бойынша көрсетілетін қызмет, атап айтқанда, мемлекеттік сатып алумен, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер, бухгалтерлік және салық есептілігін жүргізу, статистикалық есептілік құрастыру және менеджмент жүйелерін енгізу процесін толық сүйемелдеу қолжетімді.

Одан басқа, қосымша қызметтеріне ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар, менеджмент, маркетинг мәселелері бойынша қызметтер, кедендік рәсімдер, заңгерлік қызметтер кіреді.

AGILE әдістемесі бойынша ҰКП қолданыстағы электрондық көрсетілетін қызметтерін бір терезеге шоғырландыру бойынша жұмыстар жалғасуда, бұл ай сайын қолжетімді қызметтер санын ұлғайтуға және кәсіпкерлердің сұратулары негізінде қосымшалар эргономикасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети