Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда теңгенің долларға қатысты бағамы біртіндеп артып келеді

16 Сәуір 2015, 18:55
1
© Ярослав Радловский
© Ярослав Радловский

Қазақстанда теңгенің долларға қатысты бағамы біртіндеп артып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылы наурызда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 185,05-тен 185,65 теңге аралығында өзгерді. Ай соңында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 185,65 теңге болды. 

"2015 жылғы наурызда қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді қоса алғанда, Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі 2015 жылғы ақпанмен салыстырғанда 38,4 пайызға төмендеді және 3,4 миллиард АҚШ долларын құрады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі 15,2 пайызға яғни, 0,5 миллиард АҚШ долларына дейін төмендеді. Жалпы алғанда, ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 2015 жылғы ақпанмен салыстырғанда 36,3 пайызға төмендеп, 3,9 миллиард АҚШ долларына тең болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Fitch Ratings халықаралық рейтинг жасау агенттігі 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген президенттік сайлауды өткізгеннен кейін теңге құнсыздануы мүмкін деген мәлімет таратқан болатын. "Біз президенттік сайлауды өткізгеннен кейін теңгенің ары қарай құнсыздануы мүмкін деп есептейміз. Ел басшысы бір ресейлік рублге 3,5-4,5 теңге дәлізін қолайлы деп атаған болатын, бұл 2014 жылдың соңындағы айырбастау бағамымен салыстырғанда 13-тен 45 пайызға дейінгі долларға шаққандағы әлеуетті құнсыздануды болжайды", -делінді агенттіктің жасаған шолуында.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай