30 қыркүйек 2016 13:23

Қазақстанда тұрғындардың атаулы ақшалай табыстары азайған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

2016 жылдың 2-тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 74 713 теңгені құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сілтеме жасап. Нақты көріністе халықтың атаулы ақшалай табыстары 2015 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 3,7 пайызға азайған.

Статистика комитетінің мәліметінше, 2016 жылдың 2-тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары мөлшері Атырау облысында, Астана және Алматы қалаларында байқалып отыр, оларда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,6-1,9 есеге асқандығы байқалды.

Ал табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді. Осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 56-60 пайызға төмен. 

Айта кетейік, 2016 жылдың 2-тоқсанында өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы арақатынас 3,4 есені құрады (2015 жылғы 2-тоқсанда - 3,4 есе).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети