28 қаңтар 2021 11:25

Қазақстанда зейнетақы аннуитеті мөлшері төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда зейнетақы аннуитеті мөлшері қолжетімді болды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда зейнетақы аннуитеті мөлшері қолжетімді болды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері жөніндегі заң зейнетақы аннуитетін беру қағидаларына біраз түзету енгізді. Оның ішінде:

  • зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ең төмен төлем мөлшерін ең төмен зейнетақыдан ең төмен күнкөріс шамасының 70 пайызына жақын өзгертуге;
  • кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетін сақтанушының 45 жасынан бастап ер адамдар үшін 55 жастан және әйелдер үшін 52 жастан (кейіннен әйелдердің жасын 2027 жылы 55 жасқа дейін ұлғайта отырып) өмір бойы ай сайын сақтандыру төлемдерін алу құқығымен жасау мүмкіндігіне қатысты болды.

Зейнетақы аннуитеті айтарлықтай төмендеді. Мысалы 2020 жылы зейнетақы аннуитетін жасау үшін жеткілікті сома 55 жастағы ер адамдар үшін 11,3 миллион теңге, ал 51,5 жастағы әйелдер үшін 15,5 миллион теңге болса, енді сол жастағы ер адам аннуитетті 6,7 миллион теңгеге, ал әйел адам 9,0 миллион теңгеге ала алады.

"Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетін 55 жастан бастап төлемдер алатындай болып, 45 жаста алған жағдайда ер адамда кемінде 6,1 миллион теңге, ал әйелде 7,7 миллион теңге болуға тиіс. Егер жалпы цифрларды алар болсақ, бүгінгі күні шамамен 61 мың адам 283 миллиард теңге сомаға зейнетақы аннуитеті шартын жасаған, сол арқылы олар өмірді сақтандыру жөніндегі компаниядан өздеріне өмір бойғы зейнетақы төлеміне кепілдік алды", - деді Мария Хаджиева.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары жеткілікті қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделу ақысын төлеуге пайдаланатынын, не ақшасын зейнеткерлікке жинақтай беретінін өздері шешуге құқылы.

"Әрине, жинақ ақшасының бір бөлігін зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмсау көбірек қызықтырары сөзсіз, бірақ еңбек қызметі тоқтағаннан кейін кірістің азаятынын да ұмытпаған жөн. Тиісінше, зейнетақы төлемдерін алу жолдары жайында зейнетақы капиталын қалыптастыру кезінде, яғни жұмыс істеп жүрген кезде ойлау керек", - делінген хабарламада. 

Қазақстандықтар зейнетақы аннуитетін өмірді сақтандыру жөніндегі компаниядан сатып алу құқығын пайдалана алады. БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер алдын ала болжап білуге болмайтын жарналардың тұрақты түсуіне, мөлшеріне және инвестициялық кірістілігіне байланысты, ал зейнетақы аннуитеті белгілі бір төлемдері бар қаржы құралы болып табылады, ол нақты белгіленген мөлшерде, кепілдік берілген кірістілікпен өмір бойы төлемдер алуды білдіреді.

"Зейнетақы аннуитеттері бойынша төлемдерді ӨСК ай сайынғы негізде, сақтанушының бүкіл өмірі бойы жүзеге асырады, бұл ретте төлемдер жыл сайын кемінде 5 пайызға индекстеліп отырады. Бұдан басқа төлемдердің кепілдік берілген кезеңі опциясын қосу мүмкіндігі бар, ол кезең ішінде зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдер сақтанушының тірі болған-болмағанына қарамастан төленеді", - деді Хаджиева.

ӨСК қызметі лицензияланады және оны мемлекет бақылайды. Зейнетақы аннуитеттері бойынша төлемдерге "Сақтандыру төлемдерін кепілдік беру қорының" қаражаты есебінен кепілдік беріледі, ол ӨСК таратылған және банкрот болған жағдайда зейнетақы аннуитеттері бойынша төлемдердің үздіксіз болуын және сақтандыру портфелінің құрамына кіретін міндеттемелердің сабақтаса орындалуына мүмкіндік береді.

"Зейнетақы аннуитеті өнімдерінің түрлерін көбейту мақсатында 2021 жылы бірлескен аннуитеттерді енгізу жоспарланып отыр, ол зейнетақы аннуитеті шартына бір адамның емес, ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстардың қатысуын білдіреді. Бірлескен аннуитет жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге және аннуитет шарты бойынша кірісті қайта бөлуге мүмкіндік береді. Мысалы ерлі-зайыптылардың бірінің ӨСК-ден аннуитет сатып алуға зейнетақы жинағы жетпейтін болып, екіншісінде артық болса, бірлескен зейнетақы аннуитеті арқылы екеуіне де өмір бойы төлемдер төленеді.

Бұл жаңалықтар зейнетақы аннуитеті шартын зейнетақы жүйесі дамыған мемлекеттердегі зейнетақы жоспарлары сияқты зейнетақыны жоспарлаудың тиімді құралы етеді деп күтеміз. Бұл азаматтарға зейнетақы төлемдерінің жолын өздерінің мақсаттары мен қажеттілігіне қарай таңдауына мүмкіндік береді" - деп түсіндірді Мария Хаджиева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети