Қазақстандықтар 29 миллиард теңге шамасында қосымша еңбекақы алады

10 Шілде 2018, 08:57
0
Қазақстандықтар 29 миллиард теңге шамасында қосымша еңбекақы алады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Жалпы республика бойынша жұмысшылар 29 миллиард теңге шамасында қосымша еңбекақы алатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту туралы екінші бастама бекітілген. 

"Ағымдағы жылғы 5 наурызда Мемлекет басшысы Бес әлеуметтік бастамасын жариялады. Айтылған шаралар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Ұлттық экономика министрлігіне екінші бағыт бекітілген: "Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту", - делінген министрліктің хабарламасында.

Екінші бастамаға сәйкес, жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіш немесе 60 125 (алпыс мың бір жүз жиырма бес) теңгеден төмен жұмысшылар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесін 10 есе төмендету ұсынылады екен.

Жалпы республикада мұндай еңбекақыны 2 миллионнан аса адам алады. Негізінен, бұл ауыл шаруашылығы мен саудада.

"Бұл бастаманы іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыс жүргізілді. Жұмыс нәтижесі бойынша жалақысы төмен жұмысшылардың жеке табыс салығын төмендетудің оңтайлы тетігі айқындалды. Мәселен, салық салынатын табыс 90 пайызға азайтылатын болады. Қалған еңбекақыға 10 пайыз мөлшерлемемен жеке табыс салығы салынатын болады. Яғни, салық жүктемесі 10 есеге төмендейді. 2018 жылғы қарапайым мысал арқылы ЖТС ұсынылған есептеуді қарастырамыз", - дейді министрлік өкілдері.

Мәселен, ай сайынғы алатын жалақыңыз 60 125 (25 айлық есеп көрсеткіш) теңге болса, осы сомадан 10 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы, яғни 6 013 теңге шегеріледі, қалатыны - 54 112 теңге. Бұл сомадан 1 ең төмен жалақы - ең аз салық салынбайтын кіріс, яғни 28 284 теңге шегеріледі. Салық салынатын табыс (қолданыстағы механизм) - 25 828 теңге қалады. Қолданыстағы механизм бойынша салық сомасы 25 828 *10% = 2 583 теңге болады.

Ұсынылған тетікке сәйкес, салық салынатын табысының мөлшері 90 пайызға төмендейді: 25 828 - (25 828*90%) = 2 583 теңге. Бұл сомаға жеке табыс салығының 10 пайыз мөлшерлемесі бойынша салық салынатын болады - 2 583*10% = 258 теңге.

Яғни, іс жүзінде салық мөлшері 10 есе 2 583 теңгеден 258 теңгеге дейін төмендейді, жалақы қосымша 2 325 теңгеге өседі. Аталған тетікті қолдану қызметкердің дереу және кепілдікті қосымша табыс алуын (негізгі жалақы алу кезінде) пайымдайды және жұмыс берушінің қаржылық жүктемесін ұлғайтпайтыны айтылады.

Сонымен бірге, жұмыс берушінің әкімшілік шығындары минимизацияланды. Салық заңнамасына тиісті түзетулер 2018 жылғы 2 шілдеде Мемлекеттік басшысымен қол қойылған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына көзделген.

Бұл тетік 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай