17 наурыз 2020 10:16

Қазақстандықтар қандай жағдайда несие тарихын түзей алатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жеке тұлғалардың тұтыну қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзім өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова Үкімет отырысында айтты.

"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген кепілсіз тұтыну несиелеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде төтенше жағдай кезеңінде және одан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз қарызы бойынша 90 күннен астам мерзімін өткізіп алған кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады", - дейді Әбілқасымова.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтардың несие тарихын түзеуге мүмкіндігі болатынын айтты.

"Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін қарыз алушы үшін 12 ай ішінде мерзімі өткен берешектің 50 паыйздан астамын өтеген және кейіннен міндеттемелерді орындаған жағдайда теріс кредиттік тарихты түзету мүмкіндігі қарастырылады", - деді Әбілқасымова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети