Қазақстандықтардың орташа табысы 10 пайызға артқан

27 Желтоқсан 2018, 10:36
0
Қазақстандықтардың орташа табысы 10 пайызға артқан - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

2018 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандықтардың орташа табысы 160,4 мың теңге болды. Бұл былтырмен (146,2 мың теңге) салыстырғанда 10 пайызға көп. Finprom сарапшыларының айтуынша, бұл соңғы бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандардың сөзіне қарағанда, тұрғындардың сатып алу қабілеті артқан. Сондай-ақ, қазақстандықтардың тұтыну шығыны 6,1 пайызға көбейгені айтылады.

Зерттеуге сүйенсек, Алматы тұрғындарының табысы өте жоғары: орташа есеппен 226 мың теңге (5,5 пайызға өскен). Табысы жоғары өңірлердің үштігіне Астана (217,7 мың теңге ) мен Маңғыстау облысы (193,5 мың теңге) кірді.

Бұдан бөлек, сарапшылардың айтуынша, Атырау мен Қызылорда облысы тұрғындарының табысы артқан - 14,4 пайызға және 14,3 пайызға.

Ал табысы ең төмен өңірлердің тізімінде Түркістан облысы (100,4 мың тенге), Жамбыл (114,4 мың теңге) және Қызылорда облыстары (125,9 мың теңге)  бар.

Қазақстанда орташа жалақы 164 мың теңгеден асты

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай