10 қыркүйек 2014 19:51

Келімбетов: қазақстандықтар 18 млрд долларды үйінде ұстап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстандықтар 18 млрд доллар шамасындағы қаржыны қолдарында ұстап отыр. Бұл туралы еліміздің бас банкирі Қайрат Келімбетов арнайы брифингте мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстандықтар 18 млрд доллар шамасындағы қаржыны қолдарында ұстап отыр. Бұл туралы еліміздің бас банкирі Қайрат Келімбетов арнайы брифингте мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Соңғы уақыттағы  ұялы телефон арқылы SMS-шабуылдар әсер етіп, қазақстандықтардың басым бөлігі жиған қаржыларын үйлеріне ұстай бастады. Мен біреулерге өмір сүру жайында ақыл айтқым келмейді. Бірақ қаржыны үйде ұстаған өте қауіпті. Бұл қылмыстық істердің болуына жол береді. 18 млрд доллардың Қазақстан аумағында үйде сақталуы тым қауіпті жағдай" - деді Келімбетов.

1 қыркүйектен бастап капиталға кешірім жасау мерзімі басталғанын ескерткен бас банкир халыққа қолда бар қаржыны банктегі есепшотқа салудың қауіпсіз екенін құлаққағыс жасады.

"Жинаған қаржыны банкте сақтаудың қауіпсіз екенін ашып айтқым келеді. Қаржының 50 пайызын доллармен және евромен, ал 50 пайызын теңгемен сақтаған тиімді. Теңге күнделікті өмірде қажет болғандықтан осылай ету дұрыс. Шындығын айтқанда қаржыны үйде сақтау ешқандай кіріс әкелмейді. Сондықтан өз басым қаржыны банкте сақтаған дұрыс деп есептеймін" - деді Келімбетов.

Бұған қоса ол - соңғы екі күнде мұнай бағасының әлемдік нарықта бірінші мәрте 100 доллардан төмен болғанын, айта келе "егер нарықта мұнай бағамы 80 доллар болса,  онда Ресей рублі 43 теңгені құрайды. Міне, сонда мазасыздануға болады. Ал әзірге қауіптенетіндей еш негіз жоқ. Мұнай бағамы тұрақты" - деді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети