10 қараша 2014 12:35

Келімбетов: рубльге қатысты ахуал теңгенің жағдайына ұқсамайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Келімбетов. ©pm.kz Қайрат Келімбетов. ©pm.kz

Рубльге қатысты ахуал теңгенің жағдайынан басқаша. Алматыда өткен Financing Growth in Kazakhstan форумында бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Рубльге қатысты ахуал теңгенің жағдайынан басқаша. Алматыда өткен Financing Growth in Kazakhstan форумында бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Келімбетовтің айтуынша, рубльге қатысты жағдайдың теңгеге қатысты болуы екіталай. "Ресей санкцияларға ұшырады, өзі де санкцияларды енгізді, халықаралық қаржыға қолы жетпей отыр, қазір инфляциялық шектеулерге көшіп жатыр, бұл рубльдің айырбас бағамының еркін жүзуге көшкенін білдіреді. Олар мұндай режимді жоспарлағаннан екі айға ерте енгізді", - деді Қайрат Келімбетов.

Банкир Қазақстан экономикасындағы ахуалдың басқаша екенін атап өтті. "Біз халықаралық нарықтарға еркін шыға аламыз, Үкімет 2,5 миллиард долларға дербес бондтарды шығарды, біз евробондтарды шығарған өзге елдерге қарағанда, Қазақстанның мұны сәтті істегенін көріп отырмыз", - деді Ұлттық банк басшысы.

Келімбетовтің айтуынша, Қазақстанның Ұлттық банкі теңге бағамына түзету енгізген жағдайда сақтанған қауіптер орындала бастады. "Іргелі база, біздің алғышарттарымыз өзгерді, ақпан айында болжамға әсер еткен жағдайлар қазір бақылауда. Өткен дағдарыспен салыстырғанда біз ақылдырақ бола түстік", - деді Келімбетов.

"Ақпан айында Ұлттық банк кейінгі сынақтарға төтеп беру үшін сондай шешім қабылдауға (теңге бағамына түзету енгізу - Авт.) тиіс болды және бізге Ресей мен Украина арасындағы қатынастардың ушыға түсетіні, Қытай мен Еуропалық одақ экономикасының бәсеңдейтіні бесенеден белгілі болды. Мұнай бағасының құлдырайтыны, бізге қауіпсіздік жастығын жасау керектігі түсінікті болды, сөйтіп сондай шешім қабылдау қажет болды", - деді бас банкир. Оның айтуынша, жүргізілген девальвация - 2012-2013 жылы болған тиімсіз монетарлық саясаттың салдары. "2011 жылы Ұлттық банктің халықаралық резервтері 37 миллиард доллар болды, ал өткен жылдың соңында 23 миллиард доллар болды", - деді Ұлттық банк басшысы.

Реттеуші банк басшысы соңғы екі жылда мемлекеттік резервтердің екі еселенгенін айтты. "Егер алдыңғы дағдарыстың алдында бізде 50 миллиард доллар болса, қазір 100 миллиард доллардан асады", - деді Келімбетов. 

"Біз Қазақстанда келешекте болатын жағдайларға дайынбыз, жаңа сынақтарды еңсеруге дайынбыз, ең бастысы, біз мәселелерді шешіп қана қоймай, дамыған 30 елдің, соның ішінде, алғашқы ондыққа ену үшін ары қарай жүре аламыз", - деді Қайрат Келімбетов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети