30 қаңтар 2020 11:46

Қолма-қол ақшасыз төлемдер бір жылда 10 триллион теңгеге жуықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Интернет және ұялы телефондар арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бір жылда шамамен 10 триллион теңгеге жеткен. Бұл мәлімет Ranking сарапшыларының "ҚР аумағында төлем карталарын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер" мақаласында айтылады.


Интернет және ұялы телефондар арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бір жылда шамамен 10 триллион теңгеге жеткен. Бұл мәлімет Ranking сарапшыларының "ҚР аумағында төлем карталарын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер" мақаласында айтылады.

Мақалаға сенсек, 2019 жылғы желтоқсанда ҚР аумағында қазақстандық және шетелдік эмитенттердің төлем карточкалары бойынша айналым қараша айына қарағанда 3,5 триллион теңге болған - 20,3 пайызға артық.

Бұл ретте, төртінші ай қатарынан көлемінің жартысынан астамы қолма-қол ақшасыз төлемдерге тиесілі, олар 2019 жылғы желтоқсанда 55,2 пайызға немесе 1,9 триллион теңгеге тең болған. Салыстырайық, 2019 жылдың қыркүйегінде, көлемі бойынша қолма-қол ақша беруді алғаш рет басып озған кезде оның үлесі 51,7 пайыз болған еді.

Жалпы 2019 жылы ҚР аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 13,3 триллион теңгеге жетті, бір жыл ішінде 2,4 есеге өсті. Айналым үлесі 29,2 пайыздан 45,5 пайызға дейін өскен.

Осы кезеңде төлем карточкаларын пайдалана отырып ҚР аумағында берілген қолма-қол ақша көлемі бір жыл ішінде тек 20 пайызға өсіп, 15,9 триллион теңге көрсеткішінде болған.

2019 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдердің барлық көлемінен 10 триллион теңгеге жуық интернет пен ұялы телефондардың үлесіне тиген - 2018 жылға қарағанда 3,4 есе артық. Сегменттің үлесі 52,1 пайыздан 72,6 пайызға дейін өсті.

POS-терминалдарға барлық көлемнің 26 пайыз үлесі келеді, бұл 3,5 триллион теңге - 2018 жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда бұл 47,4 пайызға артық. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүргізудің басқа құралдарына - банкоматтар, банктік дүңгіршектер және басқалары - тек 1,5 пайыз болды, көлемі 29,7 пайызға, 195,2 миллиард теңгеге дейін қысқарған.

ҚР өңірлері арасында қазақстандық және шетелдік эмитенттердің төлем карталарын пайдалана отырып, ҚР аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі Ақмола облысында ғана қысқарды: 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында 10,4 пайызға, 132,6 миллиард теңгеге дейін.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің жылдық өсуі бойынша Қызылорда облысы көш бастап келеді: 5,2 есе, 159,1 миллиард теңгеге дейін. Одан кейін Жамбыл (4,5 есе) және Алматы (3,8 есе) облыстары тұр.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің жартысынан астамы Алматыға келеді: 7,3 триллион теңге, бір жылда 2,1 есе өсті. Көшбасшылардың арасында сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы тұр: 1,7 триллион теңге, өсім - 3,6 есе.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети