Ұлттық банк мақұлдаған жеңілдетілген автонесие бағдарламасына көбі күдікпен қарайды. Бірақ экономикалық сарапшылар бұл тиімді мүмкіндік екенін айтып отыр, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұлттық банк мақұлдаған жеңілдетілген автонесие бағдарламасына көбі күдікпен қарайды. Бірақ экономикалық сарапшылар бұл тиімді мүмкіндік екенін айтып отыр, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Телеарнаның мәліметінше, 4 пайыздық мөлшерлеме көңілге қонымды болғанымен, тұтынушы несиеден жасырын комиссия ұстап келген "қаржы институттарының қитұрқы қақпанына қайта түсіп қаламыз ба?" деп қорқады. Елімізде құрастырылған көлікті ғана алуға болады деген талапқа көпшілік қарсы емес екенін алға тартады.
"Өзімізде шығарылып жатқан көліктер жақсы, бірақ бағасы қымбат. Оған халықтың шамасы жетпейді. Банктің берген несиелерінде жасырын пайыздары бар. Соны қосады да, нәтижесінде халыққа қолжетімсіз болып шыға келеді", - дейді тұтынушылардың бірі.
Тұтынушыларды әсіресе өз елімізде құрастырылатын көліктер қызықтырады екен. Ал отандық жеңіл көлікті банктер ең жоғары қарыз - 15 миллион теңге, 7 жылға деген шартпен және атаулы сыйақы мөлшерлемесі - ең көбі жылдық 4 пайызбен бермек. Сонымен қатар, тиімді жылдық мөлшерлеме 7,5 пайыздан аспауы тиіс. Оған сақтандыру және автокөлікті кепілге рәсімдеу шығындары кіреді. Ал 2018 жылы екінші деңгейлі банктер 222,1 миллиард теңгеге 92 мың 500 автонесие берген. Номиналдық сыйақы мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, яғни 13-26 пайыз аралығында. Соған қарамастан, қарыз алушылардың көрсеткіші бір жыл бұрынмен салыстырғанда екі есеге ұлғайған.
Экономикалық сарапшылардың айтуынша, бұл бастама бұқараға өте тиімді көрінеді. Жаңа көліктердің құны кем дегенде 2 миллион теңгеден жоғары болмақ. Ал тозығы жеткен темір тұлпарды 1 миллион теңгеге алғанымен, оның машақаты көп дейді.
"Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің несиелендіру мөлшерлемесі түсіп кеткен болатын. Бұл жерде 100 миллиард теңге сомасындағы ақша ағымын көбейту қарастырылып отыр. Қазақстандағы қарапайым халықты несиелендіру арқылы банктердің портфелін көбейту болып табылады. Осы ретте өзіміздің отандық өнеркәсіпті қолдау мақсатында, Ресеймен келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деді экономикалық сарапшы Әділет Бағдат.
Еске салайық, мұның алдында Ұлттық банк көлікті жеңілдетілген несиемен беретін бағдарламаны мақұлдаған болатын.