19 қазан 2018 09:32

Министр қазақстандықтардың зейнетақы қаражаты туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында (18 қазандағы эфир) берген сұхбатында қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) ақшасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында (18 қазандағы эфир) берген сұхбатында қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) ақшасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында сарапшылардың бірі бес жылдан кейін БЖЗҚ-да зейнетақы төлейтін ақшаның қалмайтынын мәлімдеді. Қазақстанның Ұлттық банкіндегілер бұл ақпаратты жоққа шығарды. Алайда сарапшының мәлімдемесі беделді басылымдардың бірінде басылып, қоғамда қызу талқыға түсті.

Абаев зейнетақы аударымдарының азаматтардың күнделікті тер төгіп, алған қаржысы екенін еске салды. Сондықтан, оларды басқаруға мемлекет тарапынан көңіл бөлінеді.

"Сол себепті БЖЗҚ-ның қазіргі көрсеткіштерінің барлығы Желіде ашық көрсетілген. Кез келген салымшы кез келген уақытта өзінің жеке зейнетақы есепшотындағы қаржының қайда жұмсалғанын бақылай алады", - деді ол.

"БЖЗҚ құрылғалы бері оның жыл сайынғы инвестициялық табысы инфляцияның деңгейімен шамалас немесе жоғары болды. Осылайша, азаматтардың зейнетақы қаржысы ешқайда жоғалмайды", - деді министр.  

Инвестицияға қатысты айтатын болсақ, Абаевтың сөзіне қарағанда, мысалы, банкрот болған Әзірбайжан банкінің акцияларына қатысты келісімдерді сот жемқорлық деп танып, жауапты адамдар жазаға тартылған.

"Әзірбайжан банкімен болған жағдай Қазақстан үшін максималды түрде ауыртпалықсыз шешілді. Бұл банктің барлық қағазын біз Әзірбайжанның облигациясына ауыстырдық", - деді министр.

3.20-дан 5.56-ға дейін көріңіз.  

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети