Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Қаржы-қаражат

Министрлік Ұлттық қор активтерінен 8 триллион теңге қайда жұмсалғанын түсіндірді 02 тамыз 2022, 16:31

Қаржы министрлігі экономист Айман Тұрсынқанның 2016 жылы Ұлттық қор активтерінен 8 триллион теңге "жоғалды" деген айыптауына жауап берді, -
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Тұрар Қазанғапов ©/tengrinews Фото: Тұрар Қазанғапов ©/tengrinews

Қаржы министрлігі экономист Айман Тұрсынқанның 2016 жылы Ұлттық қор активтерінен 8 триллион теңге "жоғалды" деген айыптауына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін экономист Айман Тұрсынқан Ұлттық қордан 2016 жылы 8 триллион теңге "жоғалғанын" мәлімдеген болатын. Сарапшы 2015 жылы бұл сома баланста болғанын, бірақ бір жылдан кейін "ғайыптан жоғалып кеткенін" айтты. Экономистің айтуынша, республикалық бюджеттің шығыс көлемі ол кезде 9 триллион теңгеге де жетпеген, бұл Ұлттық қордан шамамен бір жылдың республикалық бюджеті жоғалып кеткенін білдіреді.

Қаржы министрлігі Tengrinews.kz тілшісі сауалына берген жауабында экономист өз мәлімдемесінде Республикалық бюджеттің жұмсалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аудиторлық есебіндегі диаграмманы келтіргенін хабарлады. Мысал ретінде 2010 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңдегі айырбас бағамын қайта бағалауды ескере отырып, мұнай секторындағы ұйымдардан түсетін тікелей салықтар және инвестициялық кірістер түріндегі Ұлттық қорға түсімдерді көрсететін диаграмма келтірілген.

Министрлік Ұлттық қор активтерін инвестициялаудың негізгі валютасы доллар екенін түсіндірді, өйткені Ұлттық қор активтерін орналастыру сыртқы қаржы нарықтарында айналыстағы қаржы құралдарында жүргізілуі тиіс. Бірақ Ұлттық қордың активтері бойынша есеп беру ұлттық валютада жүргізіледі.

"Осы екі фактіге байланысты Ұлттық қор активтерін айырбастау (қайта айырбастау) кезінде валюталар арасында Қор активтерін бағамдық қайта бағалауға байланысты айырмашылық пайда болады. 2015 жылы айырбас бағамын қайта бағалаудың айтарлықтай өсуіне келетін болсақ, бұл ең алдымен ұлттық валютаның өзгермелі бағамға көшумен байланысты.

Осы екі фактор Ұлттық қордың теңгедегі активтерінің күрт өзгеруімен байланысты, бұл ретте қордың шетел валютасындағы активтері Ұлттық қор қаржысының жинақталуы мен пайдаланылуын неғұрлым толық және нақты көрсетеді. 10,2 триллион теңге 2015 жылы Қор активтерін бағамдық қайта бағалау және нақты жылдың түсімін білдіреді", - деді Қаржы министрлігі өкілдері.

2015 жылдың қорытындысы бойынша, Ұлттық қордың активтері 25,8 триллион теңге, ал 2016 жылдың қорытындысы бойынша 23,9 триллион теңге болды.

"Бұл төмендеу қордан қаражат алумен емес, 2016 жылы шығыстың түсімнен асып кетуіне байланысты. 2016 жылы 986 миллиард теңге түсіп, 2,9 триллион теңге алынды. Бұл әлемдік нарықтағы мұнай бағасының төмендігіне байланысты болды. 2016 жылдың орташа бағасы барреліне 44 доллар болған", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram