Нұр-Сұлтан әкімі қанша жалақы алады?

28 Тамыз, 17:57
0
Нұр-Сұлтан әкімі қанша жалақы алады? -

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды "Хабар 24".

"Сұхбат" бағдарламасы кезінде қала басшысы елордаға ауысқанынан қарамастан жалақысы өзгермегенін айтты. Батыс Қазақстан облысында ол 762 000 теңге айлық алатын.

Жалақым өзгеріссіз қалды, алайда еңбек өтіліне байланысты көбейіп отырады. Онда жаңа ештеңе жоқ. Жұмыс тура сол сияқты, алайда елордада жүктеме көбірек", - деді Көлгінов.

Ол өзіне осы қаланың бөтен еместігін айтады - Көлгінов 11 жыл елордада тұрған. Нұр-Сұлтан әкімі әлеуметтік желідегі парақшаларын өзі жүргізбейтінін айтты.

Айта кетейік, Алтай Көлгінов 13 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. 2016-2019 жылдары аралығында ол Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай