29 шілде 2018 11:33

Пәтер, көлік сатудан түскен ақшадан зейнетақы қорына жарна аудару: Вице-министр заңдағы өзгерістерді түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зейнетақы аударымдарының барлығы азаматтардың табысынан түскен кірісінен ғана төленеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Зейнетақы аударымдарының барлығы азаматтардың табысынан түскен кірісінен ғана төленеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мысалы, мекеме қызметкерінің тапқан табысы - оның еңбекақысы, жеке кәсіпкердікі - кәсіпкерлік қызметінен келген кіріс, жеке нотариустардыкі - көрсеткен қызметтерінен түскен кіріс. Ал жеке немесе заңды тұлғаларға өтемақылы шарт (азаматтық-құқықтық шарт деп аталатын) негізінде қызметтің немесе жұмыстың белгілі бір түрін көрсететін азаматтар үшін - міндетті зейнетақы жарна сол жұмыс немесе қызметінің нәтижесінде тапқан табысынан төленеді (жеке мүлкін сатудан түскен ақшадан емес)", - деді вице-министр.

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңының 25-бабында былай делінген: "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi".

Биыл 14 шілдеде Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс тауып отырған жеке тұлғалар адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер сияқты табыстарынан өз есептеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын төлейді.

Сонымен қатар, міндетті зейнетақы жарнасы төленетін кірістер, сондай-ақ, оларды төлеу ережесі мен мерзімдері, ұстап қалу (аудару) және міндетті зейнетақы жарнасын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және төлету Ережелері мен есептеу мерзімдері 2013 жылы 18 қазанда бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен анықталады.

"Осыған байланысты Қазақстан Республикасының "Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы аясында қабылданған түзетулерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысының жобасын әзірледі, онда азаматтық-құқықтық шартпен табыс тауып отырған жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарнасын төлеу тәртібі мен мерзімі қарастырылған. Жоба қазіргі таңда мүдделі мемлекеттік органдардың, сарапшылардың кеңесі мен аккредиттелген ұйымдардың келісімін алу процедурасынан өтіп жатыр", - деді Жақыпова.

"Сонымен қатар, айта кететін жайт, азаматтық-құқықтық шартпен табыс тауып отырған жеке тұлғалардың кірісі бұрынғыдай, жұмыс немесе қызмет көрсету арқылы түскен табыс болып есептеледі", - деді вице-министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін зейнетақымен қамсыздандыру заңына енгізілген жаңа өзгерістердің қазақстандықтарды пәтер немесе көлік сынды жеке мүлікті сатудан түскен кірісінің 10 пайызын БЖЗҚ-ға беруге міндеттегені туралы ақпарат тараған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети