28 шілде 2018 15:53

Қазақстандықтар пәтер, көлік сатудан түскен ақшасынан зейнетақы қорына жарна аударуға міндеттелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасына енгізілген жаңа өзгерістер қазақстандықтарды пәтер немесе көлік сынды жеке мүлікті сатудан түскен кірісінің 10 пайызын БЖЗҚ-ға беруге міндеттеді. Бұл туралы Uchet.kz порталы хабарлады.


Зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасына енгізілген жаңа өзгерістер қазақстандықтарды пәтер немесе көлік сынды жеке мүлікті сатудан түскен кірісінің 10 пайызын БЖЗҚ-ға беруге міндеттеді. Бұл туралы Uchet.kz порталы хабарлады.

2018 жылы 14 шілдеде 2018 жылы 2 шілдеде шыққан № 165-VI заңы күшіне енді, ол "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңына өзгеріс енгізді.

Өзгеріске сәйкес, 2018 жылдың 14 шілдесінен бастап азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша табыс тапқан жеке тұлға кірісінің 10 пайызына тең зейнетақы жарнасын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге міндетті, бірақ жарна айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызынан төмен (2018 жылы АЕК - 28 284 теңге) және 75-еселенген АЕК-тің 10 пайызынан жоғары болмауы тиіс.

Осы заңға сәйкес 39-баптың 2-тармағы алынып тасталды.

"Көріп отырғанымыздай, заң шығарушылар шектеуді алып тастады, онда келісімшарттың мәні нақты жазылған болатын. Енді біз барлық азаматтық-құқықтық мәндегі келісімшарт бойынша 10 пайыз төлеу керекпіз", - деп жазды портал авторлары. Сонымен қатар, ҚР азаматтық заңнамасында "азаматтық-құқықтық келісімшарт" деген ұғымға нақты анықтама берілмеген. Бұл ұғымға ең жақыны "Азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар", ол ҚР Азаматтық кодексінде жазылған.

"Демек, келісімшарттардың басым бөлігін азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа жатқызуға болады. Оның ішінде сатып алу-сату келісімшарты және бөлшектеп сатып алу-сату бар.

Бөлшектеп сатып алу-сату келісімшарты бойынша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып отырған сатушы тауарды сату кезінде сатып алушыға тауарды беруге міндеттеледі, әдетте олар жеке қолданысқа, отбасына, үйге немесе өзге де мақсатта қолданылатын заттар болады, олардың кәсіпкерлікке қатысы жоқ.

Қорыта келгенде, 2018 жылдың 14 шілдесінен бастап қазақстандықтар пәтер немесе көлік сынды жеке мүлкін сату кезінде зейнетақы қорына жарна төлеуі тиіс деуге болады", - деген қорытынды жасады Uchet.kz порталы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети