Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Проблемалық борышкерлердің қарызын есептен шығару заңдағы кемшіліктер үшін қиындайды - заңгер

06 Сәуір 2015, 13:08
0
© Ярослав Радловский
© Ярослав Радловский

Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банктің бағдарламасына сәйкес борышкерлердің қарызын есептен шығару заңнаманың жетілмеуінен іске аспай қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында Қазақстан қаржылық қызметін дамытудың ұлттық қорының басшысы, заңгер Михаил Кленчин мәлімдеді.

Заңгердің айтуынша, 130 миллиард теңге бөлінетін бағдарламаға сәйкес, борышкерлердің айыппұлдары, өсімпұлдары мен банкке берілетін сыйақы ғана есептен шығарылады, ал негізгі қарыз сақталады. Алайда қарызды кешіруге Салық кодексі кедергі келтіруі мүмкін, әсіресе банк төлейтін 20 пайыздық көлемдегі корпоративті табыс салығын (КТС) төлеу мен борышкер төлейтін 10 пайыздық көлемдегі жеке табыс салығын (ЖТС) міндетті төлеу нормалары.

Кленчиннің сөзіне қарағанда, банктер клиенттерімен кездесуге және олардың қарызын есептен шығаруға келісті деуге болады, бірақ олар салық төлеу түріндегі қосымша шығынға дайын емес. Сонымен қатар, заңгер ЖТС төлеумен де банктер айналысады деп есептейді, себебі проблемалық борышкерлер қажетті қаражатты таба алмайды. Осылайша, қаржы ұйымдарына тек өсімпұл, айыппұл мен сыйақыны ғана емес, осы соманың 30 пайыз көлеміндегі салығын төлеуге тура келеді.

Кленчиннің айтуынша, қаржыгерлер мен Ұлттық банк Салық кодексіне өзгеріс енгізуге рұқсат сұрап профильдік ведомстволарға барған, бірақ оларға рұқсат етілмеді. Заңгердің айтуынша, салық қызметі бас тартудың себебін былай деп түсіндірген: проблемалық борышкерлер үшін КТС мен ЖТС-ны алып тастаудан бюджет ақшаны толық ала алмайды, сонымен қатар, қарызды толық есептен шығару қазіргі заңнамада қарастырылған. Алайда заңгердің айтуынша, ол нормалар өте сирек қолданылады - егер борышкер қайтыс болса немесе із-түссіз жоғалып кетсе.

Еске сала кетейік, несиелеу саласындағы мәселелерді шешуге 130 миллиард теңге бөлу туралы шешім 2015 жылы 11 ақпанда қабылданды. Ұлттық банктегілер бөлінетін қаржының қарыздарды есептен шығару үшін емес, ипотекалық несилерге қызмет көрсету талаптарын жеңілдетуге бағытталатынын хабарлады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай