13 мамыр 2018 14:43

Рим Папасының көлігі 715 мың евроға сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Wikipedia / Falcon® Photography © Wikipedia / Falcon® Photography

Сенбіде Монакодағы Sotheby's аукцион үйінде өткен саудада Рим Папасы Францисканың Lamborghini Huracan ақ түсті суперкары 715 мың евроға сатылды, деп хабарлады "Мир 24" телеарнасы ANSA агенттігіне сілтеме жасап.


Сенбіде Монакодағы Sotheby's аукцион үйінде өткен саудада Рим Папасы Францисканың Lamborghini Huracan ақ түсті суперкары 715 мың евроға сатылды, деп хабарлады "Мир 24" телеарнасы ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Понтифик көліктің капотына қолтаңбасын қойып берді. Ақыры ол көлік өз құнынан төрт есе жоғары бағаға өтті. Әдетте Lamborghini Huracan бағасы 183 мың евродан басталады (71 миллион теңгеден асады).

Көліктің сатылымынан түскен қаржының барлығы қайырымдылыққа жұмсалады, олардың қатарында ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік тобының әрекеттері салдарынан үйлерін тастап, қашуға мәжбүр болған христиан босқындарының Иракқа қайтулары үшін көмек көрсету шаралары бар.

Понтифик алтын жолақтары бар ақ көлікті 2017 жылы қарашада Lamborghini басшылығымен аудиенция кезінде сыйлық ретінде алған. Ол кезде Рим Папасы көлік сатылады деп шешті. Кейін суперкар Болонья маңындағы Lamborghini мұражайына қойылды.

Телеарнаның мәліметінше, Lamborghini - Рим Папасына көлік сыйлаған алғашқы компания емес. Бұған дейін Ватикан аукционда Harley-Davidson мотоциклін сатты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети