05 маусым 2015 09:11

Рубль екі айлық минимумға дейін түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуро мен долларға шаққандағы рубль бағамы екі айлық минимумды жаңарта отырып, төмендеп келе жатыр, - деп хабарлайды РБК. Валютаның негізгі резерві бір доллар үшін 56 рубль және бір евро үшін 63 рубльге көтерілді.


Еуро мен долларға шаққандағы рубль бағамы екі айлық минимумды жаңарта отырып, төмендеп келе жатыр, - деп хабарлайды РБК. Валютаның негізгі резерві бір доллар үшін 56 рубль және бір евро үшін 63 рубльге көтерілді.

Норде Банктің бас сарапшысы Дмитрий Савченконың пікірінше, рубльдің құлауының негізгі себептері - Украинадағы оқиғалар, мұнай бағасының тұрақсыздығы. 4 маусымда Brent құны 2,51 пайызға - барреліне 62,84 долларға төмендеді. Мұнай бағаларының түсуі АҚШ Энергетика министрлігінің америкалық қоймаларда шикі мұнайының қалдық қорының көбейгені туралы хабарламасынан туған.  

Сарапшылардың айтуынша, нарыққа Украинада қайта басталған қарулы қақтығыстардың әсер етеді. Таяуда Донбасста украин әскері мен жасақтардың арасындағы қақтығыс қарқын алған болатын, Марьинка ауылы ұрыс алаңына айналды.

Рубльдің әлсіреуіне, сарапшының пікірінше, ОБ басшысы Эльвира Набиуллинаның алтын валюта қорының артуы туралы мәлімдемесі де әсер етті. Таяуда ол Орталық банктің таяу жылдарда халықаралық резервтер қорын 140 миллиардтан 500 миллиардқа дейін өсіруді жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. Резервтерді толықтыру үшін реттеуші валютаны нарықтан сатып алуы тиіс болады. ОБ төраға орынбасары Дмитрий Тулиннің айтуынша, резервтің артуы 3-5 жыл бойында жүзеге асырылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети