31 желтоқсан 2019 11:08

Салық рақымшылығына кімдер ілікпейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салық жеңілдігі шарасына ілікпейтін кәсіпкерлердің тізімі жасалған жоқ, себебі, әрбір салық төлеуші кәсіпкердің өзінің кәсіп түрін білуі жеткілікті болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Салық жеңілдігі шарасына ілікпейтін кәсіпкерлердің тізімі жасалған жоқ, себебі, әрбір салық төлеуші кәсіпкердің өзінің кәсіп түрін білуі жеткілікті болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Қаржы министрлігінің хабарлауынша, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша әзірленген түзетулерге сәйкес, салық рақымшылығына келесі кәсіпкерлердің түрлері жатқызылмайды: мониторингке жататын, ірі салық төлеушілер; жер қойнауын пайдаланушылар, одан басқа, тек жер асты суын, емдеу балшығын өндіру құқығы бар жер қойнауын пайдаланушылар; акцизделетін өнімді өндіретін өндірушілер.

Қалған кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар салық рақымшылығы шараларына ілікті. 

Сонымен қатар, ірі салық төлеушілер салық рақымшылығына ілікпейді. Ірі салық төлеушілерге тіркелген активтерінің құндық балансының сомасы салықтық кезеңнің соңына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, жұмыскерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын салық төлеушілер жатады.

Ең басты шарт - салық рақымшылығына ілігу үшін кәсіпкер салық берешегін толығымен өтеуі қажет. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілердің жеке есепшоттарына күнделікті мониторинг жүргізді және негізгі қарызды төлеген жағдайда үш күннен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешім шығарып отырды.

Салық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтер салық төлеушілер үшін Мемлекетік кірістер комитетінің сайтында, электрондық үкімет порталында, салық төлеушінің электрондық кабинетінде, мемлекеттік кірістер органдарында қолжетімді болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети