11 сәуір 2016 12:01

Теңгенің долларға қатысты бағамы айтарлықтай нығайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 337,17-ге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша, ұлттық валюта 8 сәуірдегі соңғы саудаға қарағанда 3 теңгеге нығайып отыр.

11 сәуірдегі таңғы сессияның алғашқы саудасы 338 теңгемен өтті. Сессияда төменгі баға 336,70 теңге болса, жоғарысы 338,001 теңгеге жетті. Сауда көлемі 87 150 мың доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, валюта айырбастау орындары долларды 335-338,5 теңге аралығында саудалап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети