НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

Тоқаев шетелге шығарылған қаражатты қайтару жоспарын әзірлеуді тапсырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаржыны және онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру тапсырылады. (...) Адал еңбек, әділ сыйақы идеологиясы компрадорлар (шетелдік капитал мен дамушы елдің ұлттық нарығы арасында делдал болған кәсіпкер - еск.), уақытша жұмыс істейтіндер дүниетанымын алмастыруы керек. Бұл әлеуметтік-экономикалық аспектілерге, мемлекеттік саясат мәселелеріне, ұлттық бірегейлік пен жастарды тәрбиелеуге әсер ететін Үкімет пен қоғамның ортақ міндеті", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент бизнестен салық төлеуде адалдық пен әлеуметтік жауапкершілік талап етілетінін айтты.

"Мұндай тәсілдің бір көрінісі – "Қазақстан халқына" қорына қайырымдылық. Мен бұған дейін де айттым және бүгін де қайталаймын, оны құру негізінен ірі ұлттық буржуазияның есебінен жүруі керек, дегенмен басқа компаниялардың, соның ішінде шетелдік инвесторлардың салымдары, әрине, құпталады.

Мен тағы да айтамын - бұл мәжбүрлеу емес. Табысты компаниялар мен азаматтардың ұлттық игілікті мақсаттарға қаражат бөлуіне мүмкіндік", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer