11 маусым 2019 15:40

Түркістан облысында қырыққабат өндірісі артып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© qazradio.fm © qazradio.fm

Фермерлерді несиелендіру бағдарламаларын іске асыру ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 3,7 пайызға ұлғайтуға жол ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Фермерлерді несиелендіру бағдарламаларын іске асыру ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 3,7 пайызға ұлғайтуға жол ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады.
 
ҚР АШМ мәліметтері бойынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында 3,7 пайызға ұлғайды. Бұл өсім мал шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісін 3,6 пайызға арттыру есебінен қамтамасыз етілді, ол өз кезегінде жанды салмағында мал мен құс сою көлемінің 4,8 пайызға, шикі сиыр сүтін сауудың 3,1 пайызға, алынған тауық жұмыртқасы көлемінің 2,1 пайызға өсуі есебінен қамтамасыз етілді.

Сапархан Омаровтың айтуынша, мал шаруашылығы өндірісінің өсімі несиелендіру бағдарламаларының сәтті іске асырылуымен байланысты.

"Биылғы 5 айдың ішінде 41,8 мың бас ірі қара малды сатып алуға 254 шаруашылық несиелендірілді, бұл жылдық жоспардың 43 пайызын құрайды. 132,1 мың бас көлемінде ұсақ қара малдың аналық басын сатып алуға 340 шаруашылық немесе жылдық жоспардың 36 пайыз несиелендірілді, "Ырыс" бағдарламасы бойынша жыл басынан бері жалпы мал басы 2000 бас болатын 3 сүт-тауарлық кешен енгізілді", - деді министр. 

Ал бұл кезеңде өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірісі 108,1 пайызға ұлғайды. Бұл Түркістан облысында қырыққабат өндірісінің артуымен байланысты.

Тамақ өнімдерінің өндірісі 1,2 пайызға артты, сусындар өндірісі 18,9 пайызға ұлғайды.

Министр, сонымен қатар, барлық өңірлердің егіс науқанын аяқтағанын хабарлады. Жалпы көктемгі егіс аумағы 19 миллион гектар құрады, оның ішінде астық дақылдары - 14,5 миллион гектар, майлы дақылдар - 2,7 миллион гектар, көкөніс бақша өнімдері мен картоп - 458,3 мың гектар, жем-шөп дақылдары - 1,2 миллион гектар, техникалық дақылдар  - 144 мың гектар.

Несие беру бағдарламасының операторы "Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жұмысының қорытындысы бойынша жалпы 60 миллиард теңге сомасына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 2012 өтінім қабылданған, оның ішінде 55,9 миллиард теңге сомасына 1912 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қаржыландырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети