Ұлттық банк басшысы рубльдің теңгеге әсерін айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов рубльдің теңгеге әсері мен валюта нарығындағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов рубльдің теңгеге әсері мен валюта нарығындағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк басшысы Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктесі екенін, сондықтан рубльдің долларға шаққандағы бағамы қазақстандық теңгеге де әсер етіп отырғанын айтты.

"Енгізілген санкциялардың нәтижесінде рубль енді техникалық түрде негізгі екі алаңда - Мәскеу биржасында, ішкі нарықта және банкаралық нарықта саудаланады. Өкінішке қарай, оларда баға белгілеу әртүрлі. Біз Мәскеу биржасына көбірек қараймыз, онда өтімділік бар. Банкаралық биржада өтімділік көп емес. Рубльдің долларға шаққандағы бағамы осы деңгейде болса да, рубль сегменттің өсуімен саудаланатынын атап өткім келеді, оның құны қанша болуы керек деген іргелі талдау жоқ. Бұл - нарықтың қалыпты ықпал етуі. Менің ойымша, теңге рубль бағамының әсеріне ұшырай бермеуге тиіс және бізде құбылмалылық та өсті, бірақ ол рубльге шаққандағы бағаммен бір деңгейде емес", - деді ол.

Пірматов Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда мен сауда ағынының қазір қалай өзгеретінін ескере отырып, теңге мен рубль басқа тепе-теңдік құнын табады деп ойлайтынын айтты.

"Сондықтан бұл деңгейдің қандай болатынын қазір айту қиын. Бірақ қазірдің өзінде соңғы 6 жылда байқалған деңгей енді біз үшін бағдар бола алмайтынын түсіндік", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer