Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарды

19 Маусым 2018, 12:43
0
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарды - Сурет ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі
Сурет ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан Астананың 20 жылдығына арналған "Астана 20 жыл" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Астана 20 жыл" монеталарының номиналы 5000 және 500 теңгелік, күмістен және номиналы 100 теңгелік, мельхиор қоспасынан. Күмістен және мельхиор қоспасынан жасалған монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Коллекциялық монеталар номиналы 5000 теңге, 500 теңге, 100 теңге.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Астананың әйгілі ғимараттарынан коллаж орналастырылған. Жоғары бөлігінде "АСТАНА" деген жазба және аспанның стильдендірілген бейнесі (күміс монеталарда голографиялық бейне) бар. Төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнектің бейнесімен (күміс монеталарда голографиялық бейне) толтырылған "20" деген санның стильдендірілген бейнеленуі, "Жыл" деген жазба және Қазақстан Республикасының астанасы құрылған жылды және монета соғылған жылды білдіретін "1998-2018" деген жазба орналасқан.

Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

"Proof" сапасымен жасалған күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
"Brilliant uncirculated" сапалы мельхиор қоспасынан жасалған монеталар сату үшін арнайы полиграфиялық орауға салынған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай