10 наурыз 2020 09:46

Ұлттық банк қажет шараны қабылдауға дайын - Досаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк Қазақстандағы қаржы нарығын тұрақтандыру үшін қажет шараларды қабылдауға дайын. Бұл туралы ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк Қазақстандағы қаржы нарығын тұрақтандыру үшін қажет шараларды қабылдауға дайын. Бұл туралы ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық банк теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне бейілдігін растайды. Дегенмен, бағам өзгерген жағдайда қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізіледі. Ұлттық банк әлемдік экономика және халықаралық нарықты бақылап отыр. Қажет жағдайда Қазақстандағы қаржы нарығын тұрақтау үшін шаралар қабылдауға дайынбыз", - деп мәлімдеді Досаев. 

Еске салайық, кеше 9 наурызда ақша айырбастау пунктерінде доллар 400 теңгеге дейін өсті. Kurs.kz сайтының мәліметінше, Нұр-Сұлтан мен Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 400 теңгеге сатылған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети