09 қазан 2015 | 10:51

Ұлттық банк теңгені қолдауға 111 миллион доллар бөлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

8 қазанда Ұлттық банк кезекті рет интервенция жүргізді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

8 қазанда Ұлттық банк кезекті рет интервенция жүргізді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теңге бағамын қолдауға бөлінген бұл жолғы сома 111 миллион долларға тең болды. Ал кешегі күнгі кешкі сессияға сәйкес доллар бағамы - 274,09 теңге. Айта кетейік, өткен айда да бірнеше рет интервенция жүргізілген болатын  - 30 қыркүйекте 225 миллион доллар, 29 қыркүйекте - 137,5, 21 қыркүйекте - 213,1, 18 қыркүйекте - 67,2, 17 қыркүйекте - 270 және 16 қыркүйекте 144 миллион доллар.

Теңге бағамына қолдау көрсету туралы шешім 16 қыркүйекте қабылданған болатын. Ол кезде Ұлттық банк нарықта алыпсатарлықтың болып жатқанын хабарлады, сол күні доллардың бағамы 300 теңгеге жетті. Сол кезден бері шетелдік валютаның бағасы 270 теңгеге дейін төмендеді. Бұл бағам әлі күнге сақталып тұр. Сарапшылардың айтуларына қарағанда, Ұлттық банктің ұлттық валюта бағамына қолдау көрсетуге жасап жатқан шараларының арқасында бұл баға әлі ұзақ сақталуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 7 қазанда Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов бүгінгі жағдайдағы теңгенің бағамын лайықты деп атады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети