09 ақпан 2022 14:48

Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңгенің ақпанда нығаю себептері туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңгенің ақпанда нығаю себептері туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлия Молдабекованың айтуынша, қаңтардың басындағы оқиғалардан кейін валюта нарығындағы жағдай толық қалпына келген.

"Бір аптаға жуық сауда-саттық болмағаннан кейін шетел валютасына сұраныс пайда болды және сатушылар саны шектеулі болғанда, 12 және 13 қаңтарда Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізді. Оның көлемі 240 миллион АҚШ доллары болды. Бұдан кейін бір ай ішінде Ұлттық банктің араласуы талап етілмеді", - деді ол.

Бұл ретте мұнай нарығындағы оң серпін теңгеге негізгі қолдау болған. Алайда мұнай бағасының өсуіне қарамастан, қаңтарда теңге бағамы 433,52-ге дейін 0,4 пайызға әлсіреді, бұл АҚШ долларының жаһандық нығаюын, негізгі сауда серіктестері валюталарының әлсіреуін көрсетеді.

Молдабекова ақпанның басынан бастап теңге 427,95 деңгейіне дейін 1,3 пайызға нығайғанын айтты.

"Қараша-желтоқсанда позицияларды белсенді өсіргеннен кейін заңды тұлғалар тарапынан шетел валютасына сұраныстың төмендеуі, сондай-ақ республикалық бюджетке экспорттаушылардың салық төлемдері алдындағы қолайлы маусымдық фактор ұлттық валютаға қолдау болды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети