28 ақпан 2022 | 13:55

Вице-министр теңге бағамы туралы: Асығыс әрекет жасаудың қажеті жоқ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов доллардың теңгеге шаққандағы бағамының тұрақсыз жағдайына байланысты қазақстандықтарға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов доллардың теңгеге шаққандағы бағамының тұрақсыз жағдайына байланысты қазақстандықтарға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің жеке пікірім, қазір асығыс әрекет жасаудың қажеті жоқ. Оқиғаларды қадағалап отыруымыз керек. Қазір бағам құбылмалы болуы мүмкін, бұл оқиғаларды болжаудың қиындығына байланысты.

Бірақ бағам әлсіреуі де, күшеюі де мүмкін дегенді білдіреді. Яғни, асығыс әрекет жасамаған дұрыс. Күтуіміз керек, оқиғалар қалай өрбитінін күтуіміз керек. Менің ойымша, айырбас бағамы жақын арада тұрақтанып, тепе-тең мәндерге оралады", - деді Жақсылықов Мәжіліс алаңында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Оның айтуынша, ұлттық валюта үшін белгілі бір қауіп-қатер бар.

"Ресей рублінің бағамы мен қазір болып жатқанның бәрі, әрине, Қазақстан экономикасына және теңге бағамына белгілі бір әсер етеді. Бірақ Ұлттық банк қажетті шараларды қабылдады, оларды көріп отырсыздар. Бүгін таңертең сауда қалай ұйымдастырылатыны туралы ақпараттық хабарлама болды", - деп толықтырды вице-министр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети