20 маусым 2023 15:43

Алматы құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмас Шабдарбаев Алматы қаласы құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алмас Шабдарбаев Алматы қаласы құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алмас Шабдарбаев 1972 жылы Жетісу облысы, Қызылту ауылында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын және Алматының зооветеринарлық институтын бітірген.

Еңбек қызметі кезеңінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасы орынбасарының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің әкімшілік жұмыс департаментінің директоры болып жұмыс істеген. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, "Жасыл даму" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-да басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ, Mabco Constriction SA шетелдік құрылыс компаниясы филиалының аппарат басшысы болды.

Тағайындалғанға дейін "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети