Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқасының мүшесі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқасының мүшесі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.

"Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің биыл 6 қазандағы шешімі бойынша, Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа мүшесі (министрі) болып Бақыт Сұлтанов тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік мәселелері енеді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтановқа, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған болатын. Тамызда Бақыт Сұлтанов Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды.

Бақыт Сұлтанов 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Инженер-электрик, экономист.

2003 жылдың маусымынан 2006 жылдың ақпанына дейін Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болған. Одан кейін республиканың статистика агенттігінің төрағасы болып жұмыс істеген. 2007 жылғы қаңтар-тамыз аралығында қаржы вице-министрі қызметін атқарды, ал 2007 жылғы 10 тамыздан бастап елдің экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін басқарған.

2010 жылдан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 2012 жылдың 21 қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаев Бақыт Сұлтановты Қазақстан Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. 2013 жылдың қараша айында ол қаржы министрі болды.

Сұлтанов 2018 жылы 11 қыркүйектен бастап Астана әкімі қызметін атқарған. 13 маусымда оны осы қызметте Алтай Көлгінов алмастырды.

"Құрмет" орденімен және екі медальмен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer