02 тамыз 2022 11:08

Елдос Сағиев Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі басшысы болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елдос Сағиев Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.


Елдос Сағиев Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

"Бас Прокурордың 2022 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Сағиев Елдос Әлиханұлы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сағиев еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысының прокуратура органдарында бастаған. Тергеу жұмысында тәжірибесі мол. Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі - 18 жыл. Қарағанды, Қостанай облыстарының қаржы полициясы органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде басшылық лауазымдарды атқарған.

Маңғыстау, Қостанай облыстары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаменттерін басқарды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети