05 қыркүйек 2022 11:57

Қайрат Қамзин Балқаш әкімі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Балқашта жаңа әкім таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігіне сілтеме жасап.


Балқашта жаңа әкім таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

"ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша бұл қызметке Қайрат Амангелдіұлы Қамзин тағайындалды. Бұған дейін ол Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарған", - делінген хабарламада.

Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек Балқаш қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысып, жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бірауыздан мақұлдады.

Бұрынғы қала әкімі Ораз Тәуірбеков жаңа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Жеңіс Қасымбек оған атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа салада табыс тіледі.

"Осыдан үш жыл бұрын Балқаш қаласының әкімі лауазымына тағайындау кезінде осы мінберде тұрып, өзіме жүктелген міндеттерді орындауға және қаланы дамытуға бар күш-жігерімді жұмсауға уәде бердім. Осы кезеңде бірлескен жұмыстың арқасында көп жұмыс атқарылды және орын алған проблемаларды шешу жалғастырылатын болады", – деді Ораз Тәуірбеков.

Өңір басшысы қаланың жаңа басшылығының алдына міндеттер қойды.

"Сіздерде туризм бойынша үлкен әлеует бар. Соңғы жылдары туристер ағыны артып келеді. Бірақ инфрақұрылымды дамыту қажет", – деді ол.

Қайрат Қамзин мемлекеттік қызметте 2005 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппаратында, ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде жұмыс істеген. Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, Приозерск қаласының әкімі, МСҚБ облыстық басқармасының басшысы болды. 2022 жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети