13 желтоқсан 2021 10:29

Қазақстанда жаңа энергетика вице-министрі тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Жандос Нұрмағанбетов Қазақстан энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметі сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жандос Нұрмағанбетов Қазақстан энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметі сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалады", - делінген хабарламада.

Жандос Нұрмағанбетов 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, "КИМЭП университеті" АҚ бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастаған. 2005-2010 жылдары - "Қызылорда ТЭК" АҚ бас директоры.

2011-2013 жылдары – "Қызылорда" ӘКК" ҰК" АҚ басқарма төрағасы. 2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін жеке компанияда жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап қазірге дейін "KEGOC" АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети