05 мамыр 2021 09:00

Қостанай облысының басшысы бірден алты әкімді тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/arkhimed_mukhambetov Фото: instagram.com/arkhimed_mukhambetov

Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов алты қала мен ауданға жаңа әкім тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов алты қала мен ауданға жаңа әкім тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің Instagram-парақшасында шешім қалалық және аудандық мәслихат депутаттарымен келісілгені айтылған.

Арқалық қаласының әкімі болып Әмірхан Асанов, Лисаков қаласының әкімі болып Абай Ыбраев тағайындалды. Амангелді ауданына Талғат Карбозов, Жітіқара ауданына Нұржан Утегенов, Қарабалық ауданына Руслан Халықов, Науырзым ауданына Қайрат Әбішев әкім болып тағайындалды.

"Жаңа әкімдердің алдына өңірлерді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде бірқатар міндет қойдым. Әкімдерге жаңа қызметінде сәттілік тілеймін!", - деді Мұхамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети