13 шілде 2020 11:36

Марат Қарабаев Индустриалды даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

primeminister.kz primeminister.kz

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Қарабаев Марат Кәрімжанұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Қарабаев Марат Кәрімжанұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Қарабаев 1987 жылы 4 шілдеде Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында туған. Ташкент автомобиль жолы институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің Су шаруашылығы имараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасының сарапшысы ретінде бастады. 

2011 жылдан 2013 жыл аралығында  — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті Сервистік индустрияны технологиялық дамыту басқармасының бас сарапшысы. 

2014-2015 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары. 

2015-2017 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы.

2018-2019 жылдары — ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры.

2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

Еске салайық, бұған дейін Қанат Баитов Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған. Ол қызметінен босатылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети