10 ақпан 2022 12:54

Нұр-Сұлтанда екі ауданның жаңа әкімдері тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асылбек Есенбаев (сол жақта) және Жүсіп Жұмағұлов (оң жақта) Асылбек Есенбаев (сол жақта) және Жүсіп Жұмағұлов (оң жақта)

Нұр-Сұлтанда Сарыарқа және Есіл аудандарының әкімдері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда Сарыарқа және Есіл аудандарының әкімдері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа әкімдер Президент Әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидаты бойынша тағайындалғаны айтылды.

Сарыарқа ауданының әкімі Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Жүсіп Жұмағұлов болды. Еңбек жолын елорданың Инвестициялар және даму басқармасының маманы болып бастаған.

2016-2019 жылдар аралығында "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" ҚМУ басшысының орынбасары, елорданың Әлеуметтік даму басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Бұл қызметке тағайындалғанға дейін 2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Есіл ауданының әкімі болып Асылбек Есенбаев тағайындалды. Еңбек жолын 2001 жылы бастаған.

Әр жылдары елорда әкімдігінде, Президент Әкімшілігінде, премьер-министр кеңсесінде қызметтер атқарған.

2019 жылдан бастап 2021 жылдың наурызына дейін Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс бөлімінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының және тұрғын үй инспекциясының басшысы қызметтерін атқарған.

2021 жылдың сәуірінен - ​​"КИОР" Рухани жаңғыру" КЕАҚ басқарма төрағасы.

"Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында аудан әкімдеріне аудандар мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берілді", - деді қала әкімдігіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети