Нұрахмет Нұриев "Қазақмыс" басшысы болып тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:kazakhmys.kz Фото:kazakhmys.kz

Нұрахмет Нұриев "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрахмет Нұриев "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақмыс Холдинг" ЖШС Директорлар кеңесінің шешімі бойынша, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы болып Нұрахмет Нұриев тағайындалды. Ол компанияны 2006 жылдан бері үздіксіз басқарып келе жатқан Эдуард Огайдың орнына келді", - делінген компания хабарламасында.

Нұрахмет Қанатұлы 1989 жылы туған. Ұлыбританияда білім алған, сонымен қатар Anglia Ruskin University іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Hamble Group-та қаржылық талдаушы болып жұмыс істеген.

2013-2015 жылдары Павлодар және Атырау қалаларында мұнай өңдеу зауыттарының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген.

2015-2019 жылдары "Майкубен Вест" ЖШС және "Шұбаркөл Премиум" АҚ көмір өндіруші кәсіпорындарында қаржы директоры, бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.

2019 жылдан 2020 жылға дейін "Интергаз Орталық Азия" АҚ Тараз УМГ филиалы директорының орынбасары, "ҚазТрансГаз" АҚ тарифтер және инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

"Қазақмыс" корпорациясындағы еңбек жолын 2020 жылы жобалау тобының басшысы қызметінен бастады. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС аутсорсинг жөніндегі директоры қызметін атқарды.

2021 жылдың маусымында "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС бас директоры болып тағайындалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer