16 қыркүйек 2022 14:53

Резонанс тудырған оқиғадан кейін Маңғыстау ауданына жаңа әкім тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, Маңғыстау ауданының әкімі болып Ғалымжан Ниязов тағайындалған.

"16 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев депутаттарға өз еркімен отставкаға кету туралы өтініш берген Тілек Қошмағамбетовтің орнына ұсынылған жаңа әкімнің кандидатурасын таныстырды. Әкім лауазымына жаңа үміткер Ғалымжан Ниязов болды, оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілді", - делінген хабарламада.

Депутаттар ұсынылған кандидатураны мақұлдады.

Нұрлан Ноғаев Тілек Қошмағамбетовке атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, Ғалымжан Ниязовқа Маңғыстау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма бергені атап өтіледі.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысындағы Маңғыстау ауданының бұрынғы әкімі Тілек Қошмағанбетов тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін ұрды деген ақпарат тарады. Облыс әкімдігі өкілдері бұған қатысты пікір білдірді. 

Төбелес видеоға түсіп қалған. Оның кадрларынан галстук таққан ер адам жанжал шығарып, екінші бір ер адамды ұрғанын байқауға болады. Видео кейіпкері оны сүйрелеп, бетінен жұдырықпен ұрған. Кейін жанжалды тоқтатпақ болған тағы бір жігітке соққы тиген. 

Ғалымжан Ниязов Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық политехникалық университетін "Полиграфиялық машиналар және автоматтандырылған кешендер" мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің "Өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы" мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Шевченко қаласының АТП-1-де бастаған. 1991 жылдан 2002 жылға дейін мұнай және құрылыс саласындағы бірқатар коммерциялық ұйымды басқарды.

2002-2006 жылдары - "Құрылысконсалтинг "Ұлттық орталығы" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының өндіріс бас менеджері, лицензиялық құжаттардың аудиті және сараптамасы бөлімінің жетекші маманы.

2006-2008 жылдары - Маңғыстау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы лицензия бөлімінің бас маманы.

2008 жылдан 2012 жылға дейін Маңғыстау облысының құрылыс бөлімінің бас маманы, Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары Қызылорда облысының құрылыс бөлімінің басшысы, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.

2014-2016 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.

2016 жылдан 2017 жылға дейін - "СҚ Фармация" ЖШС департамент директоры.

2017 жылдан 2020 жылға дейін Ақтау қаласының әкімі.

2020 жылдың маусым айынан бүгінге дейін - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети